Қазір ғана аяқталған “Атырау” - “Ұлытау” арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
90 минут бойы қос команда бір-бірінің қақпасына барлығы 17 соққы жасады. Соның тек үшеуі ғана қауіпті болып, қалғаны діттеген жерге дәл бармады. Жалпы бұл матч алдында Нүркен Мәзбаевтың командасы өткен маусымдағы 1:5 есебінің есесін алу мәселесін көтерген еді. Алайда құрамы жағынан едәуір әлсіреген “Атыраудың” өзің қапы қалдыру “Ұлытауға” әзірге қиынға соғуда.
Айтпақшы, матч алдында “Атырау” сапында алаңға шыққан Қуаныш Қалмұратовқа Премьерде 200-ойын өткізгені үшін естелік футболкасы сыйға тартылды. Ол Тоқтар Жаңғылышбай секілді ішкі чемпионатта көп матч өткізген футболшылар қатарына кірді.
Біздің серіктес: FONBET