ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер қазіргі ұйым басшылығын және соңғы жылдары таңдалған бағытты қатты сынға алды.
"Біз футболды Сауд Арабиясына ұтқыздық. Оларға ойынды ұсынды олар оны алды. Ең таңғаларлығы ФИФА-ның бұған ешқандай қарсыласудың болмауы.
Тағы да айтатын мәселе ойындар тым көбейіп кетті. Ойыншылар мен клубтар қайта-қайта зардап шегіп жүр, ал оларға жеткілікті демалыс берілмейді. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты бүкіл жаз бойы аптап ыстықта өтеді, бұл ойыншылардың денсаулығына зиян әрі мүлде жол беруге болмайтын нәрсе.” деді Блаттер The Athletic басылымында.
Біздің серіктес: FONBET