Жарнама
Жарнама

Біз әлі де әлем чемпионатына баруымыз мүмкін... Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы мүмкіндігі бағаланды

Бүгін, 11:57

«Қайраттың» словакиялық экс-қорғаушысы Лукаш Тесак Ұлттар Лигасындағы Словакия мен Қазақстан құрамаларының мүмкіндіктерін салыстырып, бағасын берді.

Словакия - Қазақстан кездесуі
Жарнама
Жарнама

Айдын басында Брюссельде УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымының жеребесі тартылды. С лигасында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші топқа түсті. Словакиядан бөлек, қазақстандықтардың қарсыластары арасында Фарер аралдары мен Молдова бар. Жарыстың топтық кезеңі 2026 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін жалғасады.

«Әрине, Словакия – топтың фавориті. Біз әлі де әлем чемпионатына баруымыз мүмкін. Құраманың жолы болады және бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Бірақ сіздердің командаларыңыздың айтарлықтай күшейіп, біртіндеп алға жылжып келе жатқанын айту керек. «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өнері Қазақстан құрамасына да серпін беретінін атап өткен жөн. Бұл жарыста әлемдегі ең жоғары футбол деңгейі көрсетіледі, сондықтан «Қайрат» үлкен тәжірибе жинады, бұл клубқа, одан қалды ұлттық құрамаға көп көмегін тигізеді. Тек дұрыс шешімдер қабылдау керек, сонда бәрі жақсы болады», – деді Тесак «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

Турнир іріктеуіндегі бірінші тур ойындары 24-26-қыркүйекте өтеді.            

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров