Жарнама
Жарнама

«Бізді қазақтардың шабуылында қасқыр емес, ешкі жүргені құтқарды..» Польшалық жанкүйерлер «Ақтөбені» жерден алып, жерге салды

19.07.2025, 09:02

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» қос ойын қортындысында «Легиядан» жеңіліп, жарыс жолын аяқтады (0:1, 0:1).

«Ақтөбе» футболшыларының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

Польшалық жанкүйерлер қазақстандық команданың ойыны жайлы біраз коменттер қалдырыпты. Соның бірнешеуін назарларыңызға ұсындық. 

«Бақ шапты, бап шапты ма, әлде қазақтың қойшыларын тең ойнауға мәжбүр етті ме, түсініксіз.  Сөйте тұра «Легия» мықты клубты жеңгендей мәз. Осы жерде «Видзев» болса, «Ақтөбені» екі матчта 6:0 есебімен ұтар еді»;

«Қарсыластың деңгейі керемет екен, «кәсіпқойлар», браво!»;

«Бізді қазақтардың шабуылында қасқыр емес, ешкі жүргені құтқарды. Кешіріңіздер, бірақ шындық осы»;

«Қарсылас мықты екен, ғажайыптың арқасында келесі кезеңге өттік»;

«Қазақтар поляк тілінде айқайлай бастағанда, тіпті олардың жанкүйерлерінің дайындығы «Легия» ойыншыларынан мықтырақ екенін түсіндім»;

«Ойын өте қызықты өтті: артта – нөл, алда – экшн. Маусымның үздік матчы»;

«Қазақтардың ойыны нөл ғой. Мүлде қарсылық көрсеткен жоқ»;

Қазақтардың мықты шабуылшысы болмағаны жақсы болды. Әйтпесе 0:2 болуы мүмкін еді». 

«Ақтөбе» енді Конференциялар Лигасында бақ сынамақ. Турнирдің екінші іріктеу кезеңінде чехиялық «Спарта» Прага клубымен жолығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров