Жарнама
Жарнама

БІЗДІҢ МАҚСАТ - ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ 4-ІРІКТЕУ АЙНАЛЫМЫНА ӨТУ

06.08.2014, 07:26
Жарнама
Жарнама
кумыковҚарағандылық "Шахтер" футбол командасының бас бапкері Виктор Кумыков Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу айналымындағы Хорватияның "Хайдук" клубымен болатын қарымта кездесудің алдында жеке пікірімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдағы алғашқы матчта "кеншілер" өз алаңында оңтүстік еуропалық ұжымды 4:2 есебімен тізе бүктірген болатын. "Хайдук" қақпасына "Шахтер" командасы алғашқы матчта 4 гол салды. Қарымта кездесуде 2 гол айырмасы Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өтуіне мүмкіндік бере ме? Келесі кезеңге қай команданың өтуі жайлы болжам жасау әлі ерте. Бұл көптеген себептерге байланысты. Біз "Хайдуктың" ойынын толықтай зерттей отырып, өзіміздің де қателіктерімізді ескердік. Бізді Сплитте тағы бір "теория" күтіп тұр. Біздің жоспарымыз хорват командасын екі ойынның қорытындысы бойынша өтіп, келесі електік кезеңіне өту болып саналады. Командада жарақат алған футболшылар бар ма? Құдайға шүкір, жарақат алғандар жоқ. Алаңға шығатын ойыншылар қазірден бастап дайындық үстінде. Сіз Әзірбайжанның төрешілер комитетінің басшысының айтқан пікірін оқыған боларсыз? "Хайдукпен" болған ойынға байланысты айтқан пікірімді қалыпты жағдай деп білемін. Әлемнің басқа да бапкерлері осылай айтып жатады. Ал әзірбайжандық футбол шенеунігінің екі сөйлеуі жайында ешнәрсе айтқым келмейді. Кім не айтса да бізге бәрібір. Жақында ғана "Ертіспен" өткен матч жайлы пікіріңізді айта кетсеңіз? Білесіз бе, біздің команда кезекті рет аралас құраммен жасыл алаңға шықты. Кезекті рет қосалқы құрамның футболшыларын алаңғы шығардым және олар менің көңілімнен шықпады. Содан кейін барып Қонысбаевты, Топчагич пен Вичюсты шығаруға тура келді. Олар команданың ойынын өзгертіп, абырой болғанда есепті теңестіріп кетті. Қосалқы құрам ойыншылары күні бүгінге дейін өздеріне берген мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмайтынына қынжылам. Ішкі чемпионатта алғашқы айналымнан кейін қорытынды жасауға бола ма? Менің ойымша аса қатты өзгеріс жоқ. Алғашқы "алтылық" арасындағы бәсеке әлі де болса қыза түсетіндігі түсінікті. Әр тур өткен сайын лидерлер алма-кезек ауысып отыратын болады. Ал Премьер-Лиганың чемпионы тек соңғы турда белгілі болады деп есептеймін.  Сіз үшін Еурокубоктік бәсеке маңызды ма әлде ішкі біріншілікте топ жару маңызды ма? Әрине біз бар күшті Еуропа Лигасына салатын боламыз. Негізгі құрам Еуропа алаңдарында ойнайды. Сонымен қатар Премьер-Лигадағы матчтарға да барынша жақсы ойнауға тырысатын боламыз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров