"Боруссия Дортмунд" аңызы Америкада қалуды жөн көрді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Марко Ройстың "Ақтөбеге" ауысуы туралы қауесетке нүкте қойылды. Атақты Неміс футболшысы мансабын Қазақстан премьер лигасында жалғастырудан бас тартты.
Мәліметтерге сүйенсек, Ройс Қазақстанға келіп, "Ақтөбе” сапында өнер көрсетудің орнына, қазіргі клубы — Америкалық "Лос-Анджелес Гэлаксимен” келісімшартын ұзартуды ұйғарды. Осылайша, ол МЛС-те қала беретін болды.
Осылайша, Марко Ройс "Ақтөбеге” келуден бас тартқан танымал ойыншылардың ұзын-сонар тізімін толықтырды.
Бұған дейін "Ақтөбе” сапына қосылу мүмкіндігі қарастырылған, бірақ соңында бас тартқан ойыншылар:
– Андрей Ярмоленко
– Миралем Пьянич
– Томас Мюллер
– Курт Зума
– Халк
– Джесси Лингард
“Марко Ройс. Біздің сүйікті Марко Ройс”....
Біздің серіктес: FONBET