Қазақстан Премьер лигасындағы жазғы трансферлік терезенің ашылуымен Батыс Қазақстандық “Ақтөбе” шұғыл әрекет етуде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Wild West дереккөзінің мәліметіне сүйенсек, Ақтөбелік ұжым бір уақытта бірнеше позицияны күшейту үшін әлемдік деңгейдегі екі бірдей сұрапыл футболшымен келісімшарт жасасу кезеңіне өтті.
“Ақтөбе” жанкүйерлері үшін алғашқы ресми қуаныш — Грузиялық жартылай қорғаушы Георги Зарияның команда сапына толықтай қосылуы.
Зария мансабында Грузияның 3 дүркін чемпионы, Қазақстанның 2 дүркін чемпионы және Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.
Клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берген Георги Зария өзінің басты жоспарларын ашық жариялады:
“Маған бейімделу қиынға соқпайды, өйткені мен бұл елде екі жыл бойы ойнап, барлық командалардың қыр-сырын меңгердім. Мен екі рет чемпион атандым, енді бұл биікті тағы да бағындырғым келеді. Ол үшін барымды саламын. Маған клубтың басты мақсаты — алғашқы үштікке ену екенін айтты. Бірақ менің ойымша, егер біз әр матчта жеңіске жететін болсақ, бізде бұдан да үлкен, яғни чемпиондық амбициялар пайда болады." — дейді Зария.
“Ақтөбенің” екінші, тіпті одан да үлкен сенсациялық трансфері ресми түрде аяқталуға өте жақын. Клуб Солтүстік Македония ұлттық құрамасының негізгі тірегі, жартылай қорғаушы Яни Атанасовпен келіссөздердің соңғы кезеңіне шықты.
Атанасов 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап Грекиялық аты мәшһүр “АЕ Лариса” клубында өнер көрсетіп келеді. Оның Гректермен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалған, алайда “Ақтөбе” бұл кедергіні бұзып өтуге дайын.
Яни Атанасов Солтүстік Македония ұлттық құрамасы жейдесінде 32 ресми матч өткізіп, 3 гол соққан нағыз халықаралық деңгейдегі майталман.
Transfermarkt Македониялық жұлдыздың трансферлік құнын тура 600 мың еуроға (шамамен 300 миллион теңгеден астам) бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET