Жарнама
Жарнама

"Блауграна" өз алаңында қарсылық көрген жоқ.

09.11.2015, 04:17
Жарнама
Жарнама
"Камп Ноуға" қонаққа келген "Вильяреал", қақпасын бір тайм ғана құрғақ ұстады. Испан Премьерасының кезекті турының орталық матчтың "Барселона" мен "Вильяреал" арасындағы кездесу деп қарауға болатын еді. Католондықтар бірінші орынды "Реал Мадридпен" бөлісіп тұрса, қонақтар төртінші орынға жайғасқан. Әйткенмен, матчтың статусы алаңдағы жағдай мен қорытынды есепке сәйкес келмеді. Бірінші таймды 0:0 аяқтаған соң, ойынның екінші бөлігінде алаң иелері іске кірісті. 60-шы минутта Бускетстың дер кезіңде орындағы әдемі пасынан кейін Неймар есеп ашса, 10 минуттан соң Луис Суарес қонақтарды Мунирге қарсы тәртіп бұзғаны үшін жазалады. Матчтың нүктесін негізгі уақыт аяқталуға бес минут қалғанда Неймар қойды. Бразилиялық шебер бір қимылымен қорғаушыны қапыда қалдырып, Ареола қорғаған қақпаны дәл нысанаға алды. Қорытынды есеп 3:0. "Барселона" жеке-дара көш бастады. Алайда, тур қорытындысы бойынша католондықтар бірінші орынды "патшалық клубпен" бөлісіп тұруы мүмкін. Бенитес шәкірттері "Севильямен" қонақта ойнайды. Испан Премьерасы. 11-ші тур. "Барселона" – "Вильярреал"– 3:0 (0:0) Голдар:Неймар, 60 (1:0); Суарес, 70 (2:0, пен); Неймар, 85 (3:0).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров