Ақтөбе-Алания арасындағы кездесу біте салысымен қос клубтың бас бапкерлері пресс-конференция өткізді .
Алғашқы боп тілші сұрақтарына Владимир Газзаев жауап берді .
Владимир Газзаев.
- Владимир Валерьевич, Сіздің пікіріңіз?
-Алдымен айта кететінім қос клуб та бүгін тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Ойын қызықты әрі екі топта тең дәрежеже ойнады. Мен Ақтөбе клубын ұтып , келесі сынға өткенімізге қуаныштымын , өйткені біз бұл нәтижеге жету үшін көп күш жұмсадық.Мен бірінші кезекте өз ойыншыларыма жан-тәнімен беріле ойнағаны үшін алғысымды білдіремін.
- Жаттығу кезінде 11 метрлік соққыға мән беріп , дайындаласыз ба ?
- Біз жатығуда стандартты жағдайларға ғана көңіл бөлеміз. Және 11 метрлік соққы да назардан тыс қалмайды.Ақтөбе клубының бас бапкері Владимир Мұханов
- Владимир Васильевич, бүгінгі ойынға деген пікіріңізді білдірсеңіз?
- Сөз бергенімдей , бірінші ойынға иек артып , қорғаныста жатып алмадық. Алғашқы тайм қос клубтың алма кезек шабуылдарымен өтті., қос клубта да гол салу мүмкіндіктері болды. Ал екінші тайм … Примустың алаңнан қуылғанын қалай түсіндірерімді де білмеймін. 20 жастағы жігіттің жүйкесі сыр берсе керек. Менің ойымша , біз он ойыншымен қалғанда ғана допты бақылауымызда ұстадық. Алания таймда бізді шабуылдан көз аштырмаған еді , Примус кеткесін біз тірілгендей болдық.
- Қазір ойыншыларыңыздың жағдайы қалай?
- Әрине , көңіл-күйлері жоқ . Өйткені біз келесі сынға шығу үшін көп тырыстық. Ендігі кезекте ел біріншілігінде жеңімпаз атануымыз керек, сондықтан ойыншыларға бес күн демалыс бердім
- Бойченко ойынына көңіліңіз толды ма ?
- Негізгі ойын уақытында ол қателікке бой алдырмады. Ал 11 метрлік соққыда… Бұл уақытта ойыншы шеберлігі емес , психикасы басты оқл атқарады . Мен 11 метрлік соққы да әлем чемпионатында да қателік жіберген ойыншыларды атап бере алам. Олар Платини , Зико, Сократес - бәрі ұлы ойыншы! Ал , Бойченкоға айтар шағымым жоқ.