Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов 1-турдағы төрешілік жұмысы жайлы: ары қарай талай сұмдыққа куә боламыз

Бүгін, 17:08

Танымал маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбат беріп, премьер-лигадағы төрешілер жұмысы жайлы пікірін айтты.

ҚПЛ кездесуіндегі төреші
Жарнама
Жарнама

«Бірінші турдың өзінде-ақ даулы моменттер болды. Төрешілік тарапынан кеткен өрескел қателіктерді айтып отырмын. Бұл жерде тіпті, адами фактор деуге аузың бармайды екен... Белгілі бір клубқа деген айқын «симпатия» байқалады. Чемпионат басталмай жатып осындай, ары қарай одан арман қызық болатын түрі бар ғой. Айғай шудың бәрі алда. Өйткені, төрешілердің барлығы сол баяғы адамдар. Былтыр қызмет еткен қазылар тағы жүр. Былтыр жіберілген қателіктермен жұмыс істелмегеніне сенімдімін, яғни биыл тағы қайталанады.

Қазақстандық бапкер сондай-ақ, 1-турда көпшілік арасында резонансты жағдай туғызған «Оқжетпес» - «Елімай» кездесуіне байланысты ойымен бөлісті.

«Оқжетпес» - «Елімай» кездесуінде пенальти болды ма? Ол жағын нақты айту қиын, бірақ ҚПЛ-де төрешілік жұмысына байланысты дау-дамай тоқтамайды. Ары қарай талай сұмдыққа куә боламыз», - деді Б. Есмағамбетов.

Осы демалыста Қазақстан премьер-лигасының 1-тур ойындары болды. Келесі матчтар наурыздың 15-16-да өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров