Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: 40-қа келген Наниді шақыру деген ақылға сиымсыз

Бүгін, 12:16

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұхбатында «Ақтөбе» мен Луиш Нанидің трансферіне қатысты пікірін айтты.

Луиш Нани
Жарнама
Жарнама

«Қайсар» да, «Ақтөбеде» де инфрақұрылым деген атымен жоқ. Қызылордада жарайды стадион салыныпты дейік. Әйтсе де, иә базасы, иә академиясы жоқ командалардың ұзақ мерзімді дамуы жайлы не айтуға болады? Мұның барлығы артқа тартады, жергілікті жастарды өсіруге кедергі. Жөні түзу стадионы, базасы болмаған соң өзгелердің алаңын сығалап, жалға алып жүреді. Өйткені, ойнайтын жерлері, алаңы жоқ. Наниден негізгі проблемалар тасада қалуда. Ақтөбеде қазір стадион жоқ мысалы. «Ақтөбеге» тәжірибесі жоқ директор келіп жатыр, қазақша білмейді, келмей жатып жанкүйерлермен жанжалдасып үлгерді. Ал мұның барлығы үлкен мәселе. Мұның барлығын айту керек, айтылуы керек, неге үндемей қалуымыз тиіс? Футбол клубы деген үшбұрыш десек, ол команда басшылығы, бапкер мен футболшылар. Ал «Ақтөбе» деген квадрат – клуб басшылығы, бапкерлер, футболшылар мен жанкүйерлерден тұрады. Енді халықты тыңдамаған – ұят қой. Ал 40-қа келген Наниді шақыру деген ақылға сиымсыз. Иә, кезінде ойнады, бізде ғана емес, сол Португалияның өзінде, Ресейде де айтып жатыр, «өзінікін ойнап болған материал» деп. Сонда оны не мақсатпен шақырып отыр? Медиалига жасағылары келе ме? Мен Медиалигада болдым «SD Family» мен, сондықтан оның не екенін жақсы білемін. Нани келіп кәсіби дағдыларды үйретеді дейді, сонда ол кімді үйретеді? Қайыров пен Досмағамбетовке футбол техникасын үйрете ме? Кешіріп қойыңыздар, ондайды балалар мен жасөспірімдер мектебінде үйретеді», - деді отандық бапкер.

Айта кетейік, «Ақтөбе» португалиялық әйгілі вингер Луиш Наниді қатарына қосты. Жартылай қорғаушы «ақ-қызылдармен» 1 жылға келісімшартқа отырды. Аңыз футболшы жасыл алаңда ғана емес, клубтың халықаралық пиарымен де айналысады деп күтілуде.         

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров