Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов Бельгия – Қазақстан кездесуін түйіндеп, қақпашы Мұхамеджан Сейсеннің өнерін бағалады.
Кеше ӘЧ-2026 іріктеу аясында ұлттық команда сырт алаңда 0:6 есебімен ұтылды.
«Бұл жерде бүкіл команданың қателігі. Ең жаманы, кеше бізге 10 голдан асырып та салып тастайтын еді. Қайта ондай масқарадан Құдай сақтап қалды. 10:0, 11:0, 12:0... Мұндай командалар екі-үш гол салған соң қарқынын басатын, осы жолы ешкімді аяп жатқан жоқ. Лихтенштейнді де аямады. Көрдіңіздер ғой, футболшылары қандай, не деген жылдамдықта ойнайды?! Дриблинг, соққыны да жасайды, қақпамызға қаншама соққы бағыттады... Сондықтан 6:0-мен біткеніне рахмет, одан екі есе жіберуіміз мүмкін еді. Бұл жерде жалғыз қақпашы ғана емес, бүкіл команданың кінәсі жатыр», - деді Б. Есмағамбетов.
Ойыннан кейін бас бапкер Әли Әлиев қызметтен кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстан 5 турдан кейін 3 ұпаймен төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET