Болат Есмағамбетов "Ақжайықты" жаттықтыруы мүмкін

07.03.2024, 18:53

Танымал маман әр жылдары "Елімай"," Қайсар", "Қызыл-Жар" секілді командаларды жаттықтырған. Болат Есмағамбетов былтыр "Қыран" командасын баптап, бірінші лигада 5-ші орын алды. 

Айта кетейік, "Ақжайық" ҚПЛ-де соңғы рет 2022 жылғы маусымда бақ сынады. Оралдық ұжым былтыр Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсетіп, Болат Есмағамбетовтің командасынан бір саты жоғары орналасқан болатын.