Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов Бельгияға қарсы матч жайлы: олар бізді аямайтын шығар

07.09.2025, 11:42

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы ойындағы мүмкіндігі жайлы пікірін айтты.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Бүгін біздің команда ӘЧ-2026 іріктеуі аясында сырт алаңда Бельгиямен жолығады. 

«Уэльспен Ғалымжан Кенжебектің ойыны ұнады. Бұл шабуыл шебі жайлы айтқанда. Ал қорғаушылардың арасынан Қайыровтың өнері көңілден шықты. Бағдат өзінің қапталынан ешкімді жіберген жоқ. Реті келгенде шабуылға да араласты. Енді бүгін Бельгияда біздің команда қорғанысқа көбірек көңіл бөледі деп есептеймін. Алаң иелері сөзсіз фаворит. Олар бізді аямайтын шығар. Футболшылары да өте мықты - керемет командаларда, топ лигаларда ойнайды», - деді Б. Есмағамбетов. 

Өткен бейсенбіде Қазақстан құрамасы Уэльспен ойнап, 0:1 есебімен ұтылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров