Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов ЧЛ жалпы кезеңі аясындағы «Интер» - «Қайрат» матчына тоқталып, алматылық клубтың мүмкіндігін бағалады.
«Интер өз алаңында, толық фавори! Олар айқын басымдықпен ойнайды. «Қайраттың» басты мақсаты – көп гол жіберіп алмау. Мүмкіндік болса, гол салып кетсе, керемет болатын еді. Ал бұл жерде ұпай немесе жеңіс туралы әңгіме мүлде орынсыз. Команда осы ойынға дұрыс дайындалып, өзін көрсетсе, қорықпай ойнаса да олжа. Бізде жанкүйерлерде де сондай ой ғой. Қайталап айтайын, бірақ бұл кездесуде ұтыс, тіпті тең нәтиженің өзінен үміт жоқ. «Интер» әлемдік деңгейдегі клуб!”, – деді Б. Есмағамбетов “Аладоп.кз” сайтына.
Бұл бәсеке бүгін түн ауған шақта басталады. «Қайрат» 3 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда.
Біздің серіктес: FONBET