Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: бұлар керемет ойнап кетеді деп ойламаймын

06.03.2026, 16:20

«Аладоп.кз» премьер-лиганың жаңа маусымы алдында сарапшылардан пікір алуда.

"Оқжетпес" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Редакция тілшісі Мұрат Мұқашұлы отандық маман Болат Есмағамбетовтен биылғы Қазақстан чемпионатындағы ең осал командалар жайлы пікірін сұраған болатын.  

- ҚПЛ-2026-да басты аутсайдерлер? Премьер-лигадағы орны үшін кімдер күресуі мүмкін? 

- Шындығын айтқанда мұнда алты команда бар. «Атырау», «Каспий», «Жетісу», «Оқжетпес», «Ертіс» және «Ұлытаудың» ұшып кетуі кәдік. 1-лигаға төмендейтін екі команда осы алтылықтың арасынан шығатын сияқты. Бұлар керемет ойнап кетеді деп ойламаймын. Оның басты себебі – төмен деңгейдегі селекция. Барлығы шамамен бір дәрежедегі ұжымдар ғой. Ал енді кімде қандай бюджеті барын білмедім. Десе де, барлығы сол селекциялық жұмыстарға байланысты болады. Одан кейін көп дүние бас бапкерлерге де байланысты. Енді қалай боларын көреміз, бірақ, меніңше ұшып кетпеу үшін өтетін күрес осы алты команданың арасында болады. Олардың әуселесін 2-3 турдан кейін білеміз. Кімнің қалай дайындалғаны, селекциялық жұмыстарының қалай жүргізілгені де осы уақытта белгілі болып қалады.

ҚПЛ-2026 1-тур ойындары 7-8 наурыз күндері басталады. Алдағы сенбіде «Тобыл» жаңа маусымды «Ақтөбеге» қарсы кездесумен ашпақ. Бұл бәсеке «Түркістан Арена» алаңында өтеді. Бұл күні тағы 3 кездесу жоспарланған – «Оқжетпес» - «Елімай», «Алтай» - «Қайрат», «Ордабасы» - «Ертіс».

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров