Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Қайратты» фаворит деп есептеймін

22.07.2025, 11:56

22 шілде күні «Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі өз өнерін жалғастырады. Осы орайда атақты отандық бапкер Болат Есмағамбетов «Қайраттың» алдағы қарсыласын бағалады.

Жарнама
Жарнама
  • ««КуПС» клубы Финляндия чемпионы саналса да, «Қайратты» фаворит деп есептеймін. Неге? Біріншіден, Финляндия біріншілігінің деңгейі қатты жоғары емес. Қазақстанмен шамалас (УЕФА рейтингінде 37-орын. Қазақстан 39-орында тұр). Екіншіден, Финляндияда клубтың бюджеті айтарлықтай көп емес. Көп жағдайда жергілікті футболшыларға сенім артады (Финляндия чемпионатының құны – 40,90 млн еуроны құраса, Қазақстан чемпионатының құны 75,89 млн еуро тұрады). Өзім футболшы ретінде 1998 және 2001 жылы сол жақта доп тепкен тәжірибем бар. Жалпы Финляндия елінің аумағы кішкентай болғандықтан, клубтардың арақашықтығы салыстырмалы түрде жақын», - деді Болат Есмағамбетов

Сондай-ақ, отандық маман «КуПС» клубының қандай қауіп тудыруы мүмкін екендігіне де тоқталды.

  • Қазақстан мен Финляндия клубтары өз тарихында 3 мәрте кездескен. Таблодағы көрсеткіштерге қарасақ, үнемі командалар 1 доп айырмашылығымен ғана жеңіп отырған. Осы орайда «Астана» 2021 жылы Конференция лигасында «КуПС» ойынын стадионда көрген едім. Сол сәтте елордалықтар 3:1 есебімен жеңіп тұрса да, ойын ырғағын жоғалтып, басымдықты беріп (3:4) қойған еді. Сондықтан алматылық ұжым сол қателікті қайталамаса деймін, - деді отандық маман.

Айта кетейік, «КуПС» - «Қайрат» арасындағы ойын бүгін, 22 шілде күні Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: