Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов Чесноковтың Шотландиядағы болашағы жайлы: осы жағын жетілдірсе, ешқандай мәселе болмауы керек

09.10.2025, 16:15

Қазақстандық танымал бапкер Болат Есмағамбетов ұлттық құрама мен «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың мансабы туралы ойын ортаға салды.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

Естеріңізге сала кетсек, жуырда футболшының шотландия чемпионатына ауысатыны жайлы ақпарат тараған.

«Шотландияда британиялық стиль әлі де сақталған. Онда баспен өте жақсы ойнайды. Енді Чесноковтың жылдамдығы бар, дриблингте керемет деуге болады. Тек осы компоненттегі шеберлігін жетілдіру керек – екінші қабаттағы ойынын. Орнынан секіріп, баспен гол салу жалпы кез-келген футболшы үшін маңызды фактор. Біздің біріншілікте бірақ баспен көп ойнай бермейді ғой. Ал Англияда, оның екінші дивизионы «Чемпионшипте» сосын сол Шотландия біріншілігінде голды баспен салатын ойын мәнері жоғары деңгейде деуге болады. Сол үшін Ислам осы жағын жетілдірсе, ешқандай мәселе болмауы керек. Ал қалған жағынан онда ешқандай қиындық туындамайды деп есептеймін», - деді танымал жаттықтырушы «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.  

Ислам Чесноков ҚПЛ-2025-те 23 матчта 9 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогінде 4 ойында бір гол соққан. 25 жастағы жартылай қорғаушының нарықтық құны 900 мың еуро.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров