Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, «Қайраттың» «Копенгагенге» қарсы кездесудегі өнерін бағалады.
Айта кетейік, өткен сәрсенбіде алматылықтар ЧЛ жалпы кезеңінің 5-турында Дания чемпионынан 2:3 есебімен ұтылды.
«Соңғы 10 минут қатты ұнады. Ал бірақ футболда 90 минут бойы ойнау керек қой. Бұл матчтағы мораль – соңына дейін ойнау керек. Мейлі, ұтып жатсаң да соңына дейін күресу. Ұтып жатқан команда басымдығынан айырылады, ал ұтылып жатқан команда ештеңеден қорықпай, соңына дейін ойнаса, мүмкіндік табады. Одан кейін соңғы сәтте Темірлан Анарбеков неліктен қарсыластың айып алаңына бармаған? Баспен ойнайтын еді, пас асырылса бірдеңе істер ме еді?... Бір қуантқаны «Қайраттың» өз академиясының балалары гол соғып, көзге түскені. 17 жастағы Сәтпаев деп қуанып жатырмыз. Байбек салды. Өзіміздің екі қарагөздың голын айтамын. Осыған дейін тек легионерлер салып жүрсе, осы жолы өзіміздің жігіттер жарқ етті. Енді үш ойынымыз бар. Алдағы матчтардың ешқайсысы оңай болмайын деп тұр», - деді Б. Есмағамбетов.
«Қайрат» ЧЛ 5 турынан кейін 1 ұпаймен отыз бесінші орынға жайғасуда. Ал «Копенгаген» 4 ұпаймен жиырма тоғызыншы орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET