Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: Легионерлердің деңгейі премьер-лига басталғанда белгілі болады

Бүгін, 10:17

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов ҚПЛ клубтарының маусым алдындағы мүмкіндіктері мен олардың қатарындағы шетелдік футболшылар жайлы пікірін айтты.

Виктор Мозес
Жарнама
Жарнама

«Қазір командалар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құрамдарын жасақтауда. Жаттығып, бақылау кездесулерін өткізуде. Алайда, дәл қазір кімнің жағдайы қандай екенін тап басып айту қиын. Бізде трансляция жағы онша дамымаған ғой, сондықтан, ҚПЛ клубтарының шетелдегі ОЖЖ-дағы бабын білу мүмкін емес. Оны чепионат басталған соң 3-4 турдан кейін білеміз.Қазір енді жекешелендіруден кейін бізге біраз легионердің келетіні түсінікті. Олардың еңбекақысы кәсіпкерлердің мойнында деп жатыр. Шетелдік футболшылардың да деңгейі премьер-лига басталғанда белгілі болады», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, биылғы ҚПЛ-де 14 команда бақ сынайды. Жаңа турнирдегі тағы бір өзгеріс – «Ақтөбе», «Қайсар» секілді клубтар сапында танымал футбол жұлдыздары доп тебеді. Ақтөбеліктер жейдесін киген Луиш Нани мен Қызылордаға қоныс аударған нигериялық Виктор Мозес әзіге премьер-лигадағы ең айтулы трансфер болып тұр. Маусым басталғанға дейін Қазақстан чемпионатының тағы біраз клубы аты бар футболшыларды қатарына қосуы ықтимал.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров