Жарнама
Жарнама

Болат Есмағамбетов: Лихтенштейнді екі рет ұту – көрсеткіш емес

12.10.2025, 11:52

Біздің тұрақты сарапшы, белгілі бапкер Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының мүмкіндігін бағалап, ойын ортаға салды.

Қазақстан құрамасының футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында сынға түсіп, 6 ұпаймен ең соңғы орындардың бірінде келеді. Өткен турда Талғат Байсуфиновтың жаттықтыруымен Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

«Лихтенштейндей команданы біз кез-келген жағдайда ұтуымыз керек қой. Шабуыл схемасын таңдапты деп жатыр, оған таңқалатын ештеңе жоқ. Мынандай қарсыласпен шабуылдамасақ, онда жалпы қашан шабуылдаймыз?! Лихтенштейнді екі рет ұту – көрсеткіш емес, оған ешкімнің көңілі толмайды. Жақсы құрамалармен тең түсіп, ұтсақ, басқа әңгіме. Біздің шынайы орнымызды Солтүстік Македониямен болатын ойын көрсетеді. Деңгейіміз, бағытымыз. Көптеген сұрақтың жауабын осы матчта аламыз», - деді Б. Есмағамбетов.

Қазақстан келесі матчта сырт алаңда Солтүстік Македониямен жолығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров