Белгілі жаттықтырушы Болат Есмағамбетов ЧЛ жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары жайлы ойын ортаға салып, грекиялық «Олимпиакос» пен даниялық «Копенгагеннің» деңгейі жайлы айтты.
Алматылықтар өткен турда «Копенгагеннен» 2:3 есебімен ұтылған болатын.
«Олимпиакос» «Копенгагеннен» мықтырақ. Қай жағынан алып қарасақ та солай – командалардың рейтингі, футболшылардың жалпы құны мен трансфелері тұрғысынан да грекиялық клуб әлдеқайда жоғары болып тұр. Сондықтан, «Олимпиакос» даниялықтарға қарағандан азулы қарсылас саналады деп есептеймін», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 5 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда. «Олимпиакос» еншісінде 2 ұпай. Олар 33-сатыда. Ал «Копенгаген» 4 ұпаймен жиырма тоғызыншы тұр.
Біздің серіктес: FONBET