Жарнама
Жарнама

Болгария басылымдары Темірлан Анарбековке жоғары баға берді

Бүгін, 17:30

Болгариялық БАҚ өкілдері Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы "Қайрат" пен "Левски" арасындағы матч алдында Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековке ерекше назар аударды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Болгариялық Sportal басылымының хабарлауынша, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Cофиялық "Левски” қақпашысы Светослав Вуцов пен Aлматылық “Қайраттың” голкипері Темірлан Анарбеков басты тұлғаларға айналуы мүмкін. Мамандар Түркістандағы ойын пенальти сериясына дейін ұласуы мүмкін екенін, мұндай жағдайда жеңімпазды анықтау тікелей қақпашылардың шеберлігіне байланысты болатынын жазды.

Материалда екі қақпашының да пенальти қайтарудағы тәжірибесі жоғары екені атап өтілген:

– Светослав Вуцов: "Апоэль" (Беэр-Шева) клубына қарсы ойында үш пенальтиді қайтарып, командасын Еурокубоктарда алға шығарған.

– Темірлан Анарбеков: Оның пенальти сериясындағы статистикасы өте әсерлі. Ол осы іріктеу кезеңінде "Омонияға" (Никосия) қарсы екі соққыны тосса, өткен маусымда "Селтикке” қарсы серияда үш пенальтиді қайтарып, "Қайраттың” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтуіне көмектескен.

Софияда өткен алғашқы кездесу 1:0 есебімен Болгар клубының пайдасына аяқталған болатын. Екі команда арасындағы шешуші қарымта ойын 11 тамыз күні Түркістан қаласында өтеді. Сонымен қатар, белгілі агенттер Анарбековтің осындай ойынынан кейін оның Еуропалық чемпионаттарға ауысу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров