Болгариялық ойыншы Цветелин Чунчуков «Атырау» футбол клубының намысын қорғамақ.
30-жастағы шабуылшы Болгария ұлттық құрамасының сапында екі ойын өткізген болатын.
Цветелин Чунчуков осыған дейін өзінің отанында «Сепси», «Лудогорец», «Славия» сынды клубтардың жейдесінде доп тепкен еді. Болгарияның Бірінші лигасының 24/25 жылғы маусымында 14 матчта 1 гол салды.
Орталық шабуылшы соңғы екі маусымда 39 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET