"Кристал Пэлас" - "Манчестер Юнайтед"
МЮ соңғы матчта "Саутгемптонмен" тең түсіп қалды. Кездесудің соңғы минутында гол жіберіп алды. "Қызыл сойқандар" соңғы 7 минутты 10 адаммен ойнады. Себебі, сол қапталдағы қорғаушы жарақат алып, оның орнына алмастыратын футболшы табылмады. Табылмады болғанда Сулшер 5 футболшыны алаңға кіргізіп қойып еді. Норвег бапкерінің әдеті сондай. Өткен ойында ол бірден 5 ойыншы алмастырып, тарихта қалды. Бұрын ондай болмаған екен. Осы кездесуде жеңіске жетіп, 3 ұпай алуы тиіс. Әйтпесе төрттіктің сыртында қалып кету қаупі тұр. "Челси" өз кездесуін жеңіп қойды. Ал "Лестер" "Шэфилдпен" кездесуі тиіс. Сол матчта "түлкілер" ұпай жоғалтса, МЮге ең болмаса төртінші орынға шығатын мүмкіндік пайда болады. Сондықтан да, жеңіс МЮде. Ж2. МЮ тоталы 1,5 көп.
"Саутгемптон" - "Брайтон"
Хайзенхютльдің шәкірттері гол соғудың һас шеберлері. МЮге 2 гол соққан соң "Брайтон" сөз болып па? "Саутгемптон" гол соғады деген бәсті көре салып, еш ойланбастан бір экспрестің ішіне қосып жібердім. "Бір құмалақ бір қарын майды ірітетінін" білсек те, осы жолы сенімді көрінеді.
"Мальорка" - "Гранада"
"Мальорка" соңынан санағанда екінші тұр. Соңғы екі ойынды жеңсе Ла-лигада қалып кетуі ықтимал. Соңғы мүмкіндікке жармасатын сәт. "Гранада" негізі мықты ойнайтынын білеміз. Бірақ, мотивация деген құрғыр не істетпейді? "Мальорка" жұлқынып алға шығады. Будемир мен Кубо секілді мықтылары бар. Бір гол салмауы мүмкін емес. "Мальорка" гол салады!
"Валенсия" - "Эспаньол"
"Валенсия" "Леганеске" жеңіліп қалып, абыройын айрандай төкті. Болды енді, жетер. Осы ойнағанымыз да жанкүйердің зығырданына тиді ғой деп ойланатын кез жетті. Соңғы орында тұрған қауқарсыз "Эспаньолды" жеңуі керек. Жеңіс "Валенсияда".
"Сельта" - "Леванте"
"Сельтаға" әлі де болса ұпай қажет. 18-19 орындарда тұрған қос команда қуып жетуі әбден ықтимал. Ондай болса соңғы екі оынды жеңілген "Сельта" секеңдеп жүріп Сегундаға кетіп қалуы ғажап емес. Аспас секілді сайыпқырандар осы ойында кем дегенде 2 доп соғады-ау. "Сельта" тоталы 1,5 көп.
"Реал" - "Вильярреал"
Зинедин Зидан кезекті чемпиондықты рәсімдемекші. Осы ойынды жеңсе болды. "Реал" чемпион. "Сүңгуір қайық" сапында Карлос Бакка бұл ойынға шыға алмайды. "Реал" Мадрид жеңісі. 1,45 коэфицент. "Реал" баспасөзі матч алдында жанкүйерлерге көшеге шығып тойламаңыздар, вирус жұғады депті. Баспасөз сенімді болса, ойыншылар одан бетер шығар. Бенземаның мотивациясы ұрып тұр. Рамос бастаған тәжірибиелі футболшылар "Вильярреалды" жеңеді.
"Реал" Сосьедад - "Севилья"
Сосьедад қаласының футболшылары әбден шаршаған. Командада жарақат алғандар қатары көп. Илараменди мен Янұзай болса қазір әңгіме басқаша болар еді. "Севилья" үшінші орын алуы мүмкін. Әжептәуір мүмкіндігі бар. Ол үшін осы матчты жеңуі қажет. Мен "Севилья" жеңеді деп ойлап отырмын. Лопотегидің командасы ойын жағынан жақсы. Тек қақпашы Томаш Вацлик жарақат алып қалды. Оның орнына тәжірибиесі аздау қақпашы шығып жүр. Дегенімен, Окампос деген ойыншы жарқылдады. Соңғы ойындарда голды қарша боратып жүр. Қонақ команда ұтады дегенге сенбесеңіз, гол салады, тоталы 1ден көп немесе х2 деп ала салыңыз.
"Барселона" - "Осасуна"
"Барселона" 1,5 көп. Тоталын айтамын да.
Ал Италияда тартысты бір матч бар. "Торино" мен "Дженоа" арасындағы. Сол ойынның есебін тауып көрейікші. Дәл тапқан адамды келесі жолы болжам жазбасына атын атап тұрып көрсетеміз.
Біздің серіктес: FONBET