Жарнама
Жарнама

Болжам. «Аталанта» - ПСЖ

Килиан Мбаппені қайдам, бас бапкер Томас Тухель тобығын сындырып алыпты.
Жарнама
Жарнама

"Аталанта" - ПСЖ

Италияның дүлділі "Аталанта" Италия чемпионаты аяқталғалы бері осы кездесуге дайындалды. ПСЖ кубок иегері атанды да, осы ойынды күтті. Екі ұжымның дайындығы біркелкі. Мбаппенің жарақатына байланысты Томас Тухель пікір білдірді. "Мбаппе бүгін жаттығуда жарақат алып қалмаса ойынға қатысатын футболшылар тізімінде болады" деп мәлімдеді. Мбаппенің Неймар екеуі бірге жаттығу жасаған фотолары жаңа ғана бүкіл сайттарға шықты. Демек, Киллиан екінші таймда алаңға шығып қалатын секілді. Дегенімен неміс бапкері Мауро Икардиді көп мақтады. "Мауро әрқашан сенімді, тактикалық ұстанымды орындайтын тәртіпті шабуылшы. Біз оған қатты сенеміз. Ол "Аталанта" қақпасына гол салуды біледі", деді Томас Тухель.

Джан-Пьеро Гасперини болса "Біз ПСЖмен бірінші рет ойнап тұрмыз. Тәжірибиеміз жоқ. Бірақ, матчқа деген ұмтылысымыз, жеңіске деген құлшынысымыз жоғары. Осының өзі футболда көп нәрсе шешеді" деп мәлімдеді. Қақпашы Голлини, қорғаушы Жозе Поломино, шабуылшы Йосип Иличич осы матчқа қатыса алмайды. Үшеуінде де жарақат бар. Ал ПСЖ қатарынан Анхель Ди Мария ойынға қатыса алмайды. Мбаппе, Вератти, Курзава үшеуінің де ойынға қатысуы әлі сұрақ белгісімен тұр. Шамасы олар тек екінші таймда ғана алаңға шығатын сияқты.

"Аталанта" 98 гол салған, шабуылы мықты ұжым. Гомес, Сапата, Муриель, Пашаличтер бар. Сондықтан гол салатын қауқарда. ПСЖ ойыншысы Неймардың да айып добын ғаламат орындайтынын білеміз. Екі тараптан да голдар күтеміз.

Дегенімен, матчтың тоталы 2,5 көп, бұрыштама 9 көп, сары қағаздың екінші таймдағы тоталы 3 көп.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров