Жарнама
Жарнама

Болжам. Бірінде аз, бірінде көп

28.07.2020, 22:15
Бүгін түнде Италияда екі ойын бар. Екеуі де қызық матч.
Жарнама
Жарнама

«Парма» - «Аталанта»

«Парма» соңғы екі кездесуді жеңді. 2-1 нәтижесімен. Бұл команданың ойынында кішкене өзгеріс орын алғанын байқатады. Бұрынғыдай бас-көз жоқ шабуылдай беруді қойды. Бір мезгіл қорғанысты ойлауға көшті. Бұл дұрыс. Әйтпесе 2 гол салған матчтарының біразында жеңіліп қалып жүрді. Соңғы үш ойын олар екі голдан кем салған жоқ. Қорғаныс арқылы ойнаған күннің өзінде қарымта жылдам шабуылға ғаламат шыға кететінін көрсетті. Кулесевский керемет ойнап жүр. Қатарынан гол салды. Жервиньо да жылдам шабуылға бейімді. Тек бір өкініштісі орталық шабуылшы Корнелиус алаңға шыға алмай жатыр. Бүгін негізі негізгі құрамда болмаса да, алаңға шығып қалуы мүмкін деп жазыпты бір сайттар. Көре жатармыз. «Пармаға» мына матчта тең нәтиже де дұрыс болар еді. Бірақ, «Парма» тең ойнай алмайтын команда. Е жеңеді, е жеңіледі. 

«Аталанатаның» жайы белгілі. Гасперини екінші орын алуға керемет мүмкіндік туып тұрғанын түсінеді. Себебі, бүгін түнде осы ойыннан кейін «Интер» «Наполимен» кездеседі. Тең түсіп қалса болды, «Аталанта» күміс жүлдеге қол созады. Ол үшін осы ойынды жеңу қажет. Гасперинидің бір ойы Чемпиондар лигасы болып тұр. 8 тамыз күні Бергамоның футболшылары ПСЖмен айқасқалы тұр. Сондықтан, бүгін байқап шабуылдайды. Чемпионаттың соңы, шаршаңқы болып қалды. Қазір кез-келген демалыс майдай жағады. Менің ойымша «Аталанта» гол салған соң, «Парма» белді бекем буады. Не бел, не белбеу кетеді деп шабуылға шығып, нар тәуекелдің қайығының ескегін еседі. Демек, осы кездесуде екі команда да гол салады. Екі команда гол салса, жалпы матчтың да тоталы 2,5 көп деген сөз ғой. Осы екі болжамды алдым. 

«Интер» - «Наполи»

Гаттузо мұндай мықты командаларға қарсы матчта түк болмағандай екінші нөмірмен ойнайды. Яғни, қорғанысқа қамалып, реті келгенде жылдам атып шыға келеді. Инсинье, Кальехон, Мертенс дегендерің жылдамаяқ шабуылшылар. Асықпай аяңдайтын Аркадиуш емес. Сондықтан «Наполи» қорғанады, «Интер» шабуылдайды. «Интер» бірінші таймда гол сала алмайтын әдет шығарған. Бірінші тайм 0-0 болса таң қалмаймын. Бар мәселе екінші таймда шешіледі. Кездесудің бар тағдыры бір голға тірелетіндей. Осы ойынның тоталы керісінше кем болатынға саяды. Матчтың жалпы тоталы 3 тен кем, 3,5-нан кем деп алсам ба деп отырмын. Бұл матчта бұрыштамадан көп нәрсе болмайды. Бір анығы осы. 11,5 көп.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров