Жарнама
Жарнама

Болжам. Бундеслига. 30-тур матчтары

Кеше «Фрайбург» - «Боруссия» Менхенгладбахты 1:0 есебімен жеңді.
Жарнама
Жарнама

"Фортуна" Д - "Хоффенхайм"

"Фортуна" өз алаңында барын салуы керек. Әйтпесе жағдайы қиын. Қазір соңынан санағанда үшінші тұр. Бұл орын оны өтпелі матч ойнауға мәжбүрлейді. Сондықтан одан көтерілуі қажет. Ал жеңілсе мүлде қауіпті аймаққа түсіп кетуі ықтимал. "Хоффенхайм" болса Еуропа лигасына қатысуы үшін аз-маз болсын ұпай жинауы тиіс. Екі команда да осы матчта аянбай гол салады. Болжам: Екі команда да гол салады иә!

РБ "Лейпциг" - "Падерборн"

"Лейпцигтің" қазіргі жүрісі қатты. Алдына келгенді оңдырмай ұтып жатыр. Тимо Вернердің тепкені гол. Бірақ, кейде "Падерборн" сияқты жабық командаға қарсы матчта тұралап қала ма деп қорқасың. Дегенімен, голды қарша боратады деп ойлаймын. "Лейпциг тоталы 2,5 көп.

"Байер" - "Бавария"

Мамандардың барлығы бұл матчта гол көп болады деп ойлап отыр. Бірақ, екі ұжымның да қорғанысы күшті. Шабуылдары да мықты екенін ұмытпаймыз. Бірақ, матч тең аяқталса таңқалмаймын. "Бавария" фаворит екені анық қой. Сондықтан да менің болжамым матч тоталы 4,5 кем.

"Айнтрахт" Ф - "Майнц"

Бундеслигадағы жақсы көретін екі командам бір-бірімен ойнайын деп жатыр. Не болжам айтсам екен, а? Франкфурт негізі соңғы кезде ғаламат ойнап жүр. Ал "Майнцтың" аяқ алысы мықты емес. "Айнтрахт" жеңеді дегенді алғым келеді. Алайда, тәуекелге бармай-ақ екі команда гол салады дегенді таңдадым.

"Боруссия" Д - "Герта"

"Боруссия" бір қатты ойнап кетсе 5-6 гол салады. Уақыт жетпесе 4-еуден қайтады. Енді мына "Герта" секілді ортаңқол командаға кем дегенде үшеу салуы мүмкін. Демек, жалпы матчтың тоталы 3,5 көп деп алдым. Оның үстіне "Гертада" құр алақан команда емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров