Жарнама
Жарнама

Болжам. Чемпиондар лигасы

20.02.2019, 23:31
Жарнама
Жарнама
"Атлетико" М - "Ювентус" Бұл бүгінгі матчтардың ең маңыздысы. Массимилиано Аллегри мен Криштиану Роналду Диего Симионе мен Антуан Гризманға қонаққа барады. Екеі команда соңғы жылдары қаншама рет финалда ойнады десеңізші. Сөз жоқ тактикалық тұрғыдан да, ойын мәнері жағынан да екеуі біріне бірі сай команда. Өкінішке қарай бұл екі команданың біреуі жарысты ширек финалға шыға алмай аяқтайын деп тұр. Әрине, қимайсың, дегенмен бұл футбол. Тек мықтылар ғана келесі кезеңге өтеді. "Реал" сапында 9 жыл бойы тер төккен Роналду "Атлетико" қақпасына 22 гол соғыпты. Керемет көрсеткіш екені анық. "Ювентус" сапында да португал футболшысы жарқырап жүр. Соңғы турда олар "Фрозинонені" 3-0 ұтты. Ал "Атлетико" "Райо Вальеканоны" 1:0 жеңді. Қорғанысы мығым мадридтіктер өз жерінде өтетін финалға шығуды армандайтыны рас. Сондықтан да, Симионе шәкірттері бүгін барын салады. Алайда, "Ювентустың" да қорғанысы мен шабуылы біркелкі мықты екенін ескерсек бұл ойын тең аяқталуы ғажап емес. Ондай жағдайда ойымызға 1-1 деген есеп оралады. Ал егер бәс тігу мәселесіне келсек, онда шынайы көзқарас қажет. Сондықтан да бұл ойында "Ювентус" жеңілмейді деп х2 бәсін алғымыз келеді. Ал статистика жөніне келсек, бұрыштама 8,5 көп деп алғанымыз құптарлық іс. Роналду мен Гризман секілді ойыншылар ойнаған матчта сары қағаздар саны да аз болмасы белгілі. Дегенмен, бұл жерде букмекерлік кеңселер де өзіне көп алып отыр. 6,5 сары қағаз дегенді ұсыныпты. Біздің ойымызша бір матчқа 7 сары қағаз көп болады-ау. Сондықтан да, бұл жерді кем деп алғандарыңыз дұрыс. Оның үстіне ойын төрешісі болып неміс Феликс Цвайер тағайындалыпты. "Шальке" - "Манчестер Сити"  Гуардиола неміс жеріне қайта оралды. Бұл жолы ағылшын командасының бас бапкері ретінде. Ол "Баварияда" жүргенде "Шалькені" былай да былай жеңіп жүрген. Сол ісін бүгін тағы жалғамақ. "МанСитиге" биыл Чемпиондар лигасын жеңу керек болып тұр. Жеребе жолдас болып, осы сатыдағы ең осал команда қарсылас болып тұр. Демек, қолыңнан келсе қонышыңнан бас деген осы. Ағылшындардың жеңісіне ешкім шүбә келтіріп отырған жоқ. Жеңсе жеңер. Қарсыласқа көп доп бермейтін "МанСити" 5,5 бұрыштамадан көп орындайды. Ал испан төрешісі Дель Серр қазылық ететін ойында сары қағаздар саны 2,5-нан көп болуы тиіс.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров