Жарнама
Жарнама

Болжам. Чемпиондар лигасы

06.03.2019, 05:10
Жарнама
Жарнама
ПСЖ - МЮ Бұл матчтың да тағдыры шамамен белгілі. Сырт алаңда 2 доп айырмасымен жеңіске жеткен француздар басымдылық алды. Енді өз алаңында жай ғана тең ойнай салса да жетеді. Тіпті 1:2 есебімен жеңілген күннің өзінде келесі кезеңге шығады. Ал "МЮ" неше түрлі футбол ертегілерін жасаған әрі соған сенетін клуб. Бұл ойынға Погба, Матич, Эррера, Лингард секілді ойыншылар қатыспайды. Осы жағы үлкен мәселе болып тұр. Бірақ, шабуылшы Ромелу Лукаку тізімге қайта қосылды. Ол соңғы екі ойында 4 гол салды. АПЛдегі екі матчта ол екі дубль жасап, қазір тамаша бабында екенін дәлелдеді. Сондықтан да, жаралы арыстан "МЮ" сырт алаңда бір гол соғуға қауқары жетеді деп ойлаймын. Болжам: "МЮ" гол соғады. "Порту" - "Рома" "Рома" соңғы ойынды өзінің негізгі бәсекелесі "Лациоға" қарсы өткізіп, 3-0 есебімен жеңілді. Римдегі дербиде "Рома" сүреңсіз көрінді. Александр Коларов алаңнан қуылып, Пасторе мен Джеко бір-біріне кедергі келтіріп жүрді. Бұл қателік тағы қайталанса, онда "Порту" келесі кезеңге өтеді дей беріңіздер. Себебі, алғашқы ойындағы нәтиже 2:1. Сырт алаңда гол соққан портулықтар өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетсе жетеді. Демек, бұл матч та тартысты болады дегенге сенеміз. Ал болжамға келген шақты екі команданың да біркелкі жағдайда екенін аңғаруымыз керек. "Порту" да соңғы ойында негізгі бәсекелесі "Бенфикаға" жеңіліп қалғанын еске түсірейік. Демек, екі команда да гол соғады немесе бұрыштамалар саны 10-нан көп деп алғанымыз дұрыс секілді.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров