«Сампдория» – «Милан»
«Сампдория» бас бапкер Клаудио Раньеримен келісімді ұзартты. Демек, келесі жылы бұл команда еурокубокке ұмтылады. Жоғарғы орындарға таласады. Сол үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын жүргізеді. Оны жанкүйерлер де, басшылық та түсініп отыр. Сондықтан да, «Сампдорияға» қорқатын ештеңе жоқ. «Миланның» қақпасына лап қойып, шабуылдап үйренсе, не болмаса қорғанысқа қамалып, қорғанып үйренсе де болады. «Миланға» ұпай керек екенін байқап отырмыз. Ибраһимович бастаған «Милан» 2,5 тоталды жарады да жүреді. Бұл ойын да ерекшелене қоймас. Тотал 2,5 көп екенін айтпаса да біліп отырсыздар.
«Лацио» - «Брешиа»
«Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобиле осы кездесуде бір гол салуы қажет. Кем дегенде. Көп соға берсе өзіне жақсы. Команда бұл матчта жеңіске жетеді және Чироға көмектеседі. Пенальти тебуге жағдай қарастырады. Міне, осы екі мақсат қойылып тұр. Сосын «Лацио» жеңеді дегенге букмекерлер болмашы ғана коэф беріп тұр. Тіпті Чиро гол салады дегеннің өзі 1,26 кэф қана. Онда не істейміз? Амал жоқ «Лацио» 2,5 көп деген тоталды аламыз. Иә, мойындаймын, сенімсіздеу ставка.
«Торино» - «Рома»
«Ториноға» түк керек емес. Команда А сериясында қалды. Осының өзі мақсаттың орындалғаны. «Ромаға» 5 орынды сақтап қалу үшін осы кездесуде 3 ұпай алса жеткілікті. Бірақ, «Рома» бұл ойынға қандай құраммен шығары белгісіз. Себебі, Рим қаласының аяқдопшылары Еуропа лигасында «Севильямен» ойнайды. Десе де, қорғанысы нашар екі команданың ойынында голдар қос тараптан енуі ықтимал деймін. «Рома» тоталы 1,5 көп деген ұнап отыр. Екінші құрамдағы Никола Калинич жарқырайтын кез келді.
Бонус: «Верона» СПАЛды жеңетінін білесіздер. Бірақ, бұл ешкімге керек емес ойын секілді. Ал Сіздер «Кальяри» - «Ювентус» кездесуі қандай есеппен аяқталады деп ойлайсыздар.
Біздің серіктес: FONBET