Жарнама
Жарнама

Болжам. Еуропа лигасы, 3-тур

25.10.2018, 19:56
Жарнама
Жарнама
Дюделанж - Олимпиакос Люксембургтің командасы топтың аутсайдері. Ал "Олимпиакос" Грекияның ең мықты ұжымы десек болады. Топтың лидерлері "Милан" мен "Бетис" өзара кездесу өткізгеннен кейін элладалықтар аутсайдерден үш ұпай алып, келесі кезеңге өту жағдайын жақсартуға тырысады. Тәжірибиелі гректер Люксембургке барып қарсыласты аямай ұтуы тиіс. Гректердің аямай ұтуы деген 2 гол айырмасымен ғана шектелуі ғажап емес. Олар осындай минималды жеңісті жақсы көреді. Оның үстіне алаң иелері қорғанысқа жатып алатыны анық. Ж2! Копенгаген - Славия Прага Даниялық команда тегеурінді ұжым. Өз алаңында қатты ойнайды. Тіпті "Реал" Мадридпен тең ойнаған кездері болған. Дат динамиті деген жігіттер ғой. Бір ашуы ішінде жүретін команда. Ал оның қарсыласы Славия Прага соңғы кездері қытайлық демеушінің арқасында әжептеуір күшейіп алған. Күшейгенде өңкей кезінде қатты ойнаған, қазір шаршап жүрген легионерлердің арқасында жүр. Анабір жылы білесіздер өз алаңында "Астанаға" жеңіліп масқара болған жоқ па? Биыл да солай болып қалуы мүмкін. Бірақ, қазір топта бірінші орынды иемденіп тұрған "Көпенгаген" өз алаңында чехтерге жеңілмеуі тиіс. 1х! Вильяреал - Рапид Вена Испаниялық команда топтың фавориті. Бірақ қазір үшінші орында тұр. Тіпті Аустрияның "Рапиді" одан жоғары орналасқан. Бұл енді таңқаларлық дүние емес. Себебі "сүңгуір қайық" алғашқы ойындарды немқұрайлы қарап, Ла-лигадағы маңызды матчтарға көңіл бөлді. Енді арасында өз алаңындағы ойындарды жеңіп тұрса жетеді. Осы турда "Вилья" Рапидті кескілеп, туралап тастауы тиіс. Ж1! РЕНН - "Динамо" Киев Негізі "Динамоның" шабуылы мықты. Гармаш, Буяльский, Дуэлунд, Беседин секілді жігіттер гол ұра алады. Сырт алаңда француздар қақпасын дәл көздеріне сенімдімін. Ал қақпашы Денис Бойко қателіктен көз ашпай жүр. Тұрған ойынында қақпасына гол жібереді. "Астанамен" өткен ойында өздеріңіз байқаған шығарсыздар. Сондықтан да, "біздің топтың" командалары осы ойында бір-бірінің қақпасына гол соғып, мәз-мәйрам болады-ау. Ал негізі бұл екеуінің тең ойнағаны "Астанаға" жақсы. "Яблонец" - "Астана" Түнгі сағат 1-ге дейін осы ойынды күтеміз деп өзге ойындарды да тамашалуға мәжбүрміз. Ертең жұмыс жоқ болса тіпті қатып кетер еді әрине. Бірақ, амал жоқ "Астананың" ойынын көрмесек болмас. Өзі айына екі-ақ рет ойнайды. Бірінші тайм тоталы 1,5-тен кем дегенді алуға болады. Алғашқы таймда Яблонец қатты бір күшке сала қоймас. Оның үстіне елордалықтарға қарағанда тәжірибиесіздеу ғой. Сосын маған қызық болып тұрғаны Марин Аничич гол соғады деген бәс. Букмекерлер оған 1, коэфицент беріп тұр. Марин кез келген бұрыштама кезінде баспен гол соғуы мүмкін ғой негізі. Ал негізі өзім шынымды айтсам, "Яблонец" ұтады деп отырмын. "Астананың" соңғы кездердегі ойыны маған аса қатты ұнап жүрген жоқ. Бірақ, бүйректен сирақ шығарып тең ойнап кетуі ғажап емес. Сондықтан да, 1х деп ала салған дұрыс. Айтпақшы, "Челси" БАТЭні тас-талқан ұтпай қалуы мүмкін. Саррри мықты ойыншыларын аяп, екінші құрамның жігіттерін шығарады. Бұл ойында тек бұрыштама көп болуы мүмкін. Сосын Джеррардтың командасына бәс тіксеңіздер болады, бас бапкері кетіп қалған "Спартакты" ұтуп жіберуі мүмкін. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Қызықтың бәрі "С" тобында
Келесі жаңалық
Қарсылас жайлы азды-кем