Жарнама
Жарнама

Болжам. Финал. Тоталдың жарылатын жөні бар

ПСЖ - «Бавария» арасындағы ойын біздің назарымызда.
Жарнама
Жарнама

"Бавария" командасы гол салу жағынан рекордқа кетіп бара жатыр. Дәл қазіргі кезге дейін олар 42 гол салды. "Барселона" тіркеген рекорд 45 пен тоқтады. Демек, финалда 3 гол салса, немістер де рекордты қайталайды. Ал төртеу болса тіпті жақсы. Төртеу демей-ақ қоялық, бірақ соның тең жартысын соғуға "Баварияның" қауқары жетеді. ПСЖның да шамасы бізге таныс. Олардың да ойыны тамаша. Шабуылы ғаламат. Екі голды оларда соға алады.

Демек, бұл матчтың тоталы 3,5 тен көп болады деп отырмын. Сонымен бірге сары қағаздар саны 4,5 көп болып, ойын тәртібі жиі бұзылады. Финалда ешкім аянып қалмас. Бұрыштама мәселесіне де келгенде тоталдың жоғары болатыны көрініп тұр. Қаптал арқылы ойнайтын футболшылар жеткілікті. Бұрыштамалар тоталы 9,5 көп дегенді таңдадым. Одан бөлек Неймар гол салады, матчта пенальти тіркеледі деген секілді қызықты бәстерді де алуға болатын секілді. Егер дәл есепті тауып көретін болсақ, маған 3-2 деген есеп ұнап тұр. Тіпті бұл бәсті екі рет қоюға да болады. Яғни, 3-2 және 2-3. Десе де бұл финал! Мұнда барлығы да болуы мүмкін. Өткен жылғыдай 1-0 болып, қатып қалмас. Өткен жылы финал көрген құрлы болмадық қой.

Ал қадірменді оқырман! Финалдың есебін кім дәл тауып көреді екен, байқайық! Пікірге жазыңыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров