Жарнама
Жарнама

Болжам. Италия чемпионатының ойындары

09.11.2022, 01:09
«Эмполидің» бар күшті келесі аптаға сақтап отырғаны түсінікті. Себебі, өз алаңында «Кремонеземен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Наполи» - «Эмполи»

Ал бұл комнада олардың негізгі бәсекелесі. «Наполиге» қанша тырмысқанымен шұамасы жетпесі анық. Дегенімен, абырой үшін барын салып көрмек. Ірі есеппен жеңіліп қалмау – бұл «Эмполидің» басты мақсаты. «Наполи» деген қазір бет қаратпайтын команда. Өсімхан жарақаттан айығып шыққалы бері неополитандықтар одан әрі күшейіп алды. Букмекерлік кеңселер бұл матчқа «Наполи» тоталы 2,5 көп дегенге 1,75 коэфинцент ұсыныпты. Неге үш гол салмасқа дейсіз ғой?! Соңғы кездері жиі ойнап кеттік, шаршадық деп 2 голмен шектеліп қалмаса 3-4 салуы тиіс деп ойлап отырмын. Хвича алдап өтіп, ғаламат пастар беріп тұрса салатын адамдар бар ғой. Айтпақшы, бүгін Хвича ойнамауы мүмкін, оның орнына Элиф Элмас шығатын да шығар. Сонда да, тотал 2,5 көп ала беремін.

«Специя» - «Удинезе»

Дәл қазір екеуінің шама-шарқы біркелкі, негізі. Тең ойнайды-ау деп отырмын.

«Специя» өткен турда «Фиорентинаға», сосын «Миланға» 1:2 жеңіліп қалды. «Миланға» жеңілген ойында «Специя» сапынан голды Даниель Мальдини салып, қызық болды. «Специя» 3 матч тең түскен, бүгін «Удинеземен» тең түсіп жатса, соңғы минуттарда уақыт соза салуы ықтимал. 1 ұпайдың өзі оларды қанағаттандыруы ықтимал. Ал «Удинезеге» тек қана жеңіс қажет. Бұл команда жеңіске жетпегеніне 5 ойын болды. Ұтқысы келіп өліп жүр. Бірақ, қайта-қайта тең ойнап қалып жатыр. Өткенде өз алаңында «Ториноға» жеңіліп қалып, елден ұрыс естіген. Содан жалпы алғанда мына матчқа «екеуі де гол салады» дегенді алуға болады. Одан бөлек матч тоталы 2,5 көп дегеннің де былай өзі жалпы жаман емес сияқты. «Удине» жеке тоталы 1,5 көп деген бәстің коэфиценті адам қызықтырып тұр. 

«Кременозе» - «Милан»

Ойыны әдемі болғанымен нәтижесі төмен «Кремонезе» не көқрсете алар екен?

 «Кремонезе» соңғы кездері тең ойынды көбейтті. Соңғы 6 ойында 3 тең нәтиже тіркеген. 13 матчтың тек 5-еуінде ғана гол салмаған. Мықты қарсыластардан қаймықпай ойнайды. Ойыны біршама әдемі болғанымен, сұлбасы соңына дейін қойылмаған. Кішкене қателіктері бар. Десе де, Сирил Дессерс деген шабуылшысы өте мықты. Бір орында тұрып шалқалап тебе салатын әдеті бар. Тек қолы жүрер емес. Өткенде пенальти сала алмай, соның салдарынан «Сампдорияға» жеңіліп қалды. Әйтпесе, «А» сериясына бой үйретіп қалған. «Кромонезе» гол салады деген бәске сенуге болады, алайда аутсайдердің аты аутсайдер. «Милан» баса-көктеп жаншып жіберуі де ғадап емес. Оливье салаты, ой Оливье Жиру дегенім ғой – қазір бабында. Сондықтан мына матчқа тотал 2,5 көп деп алып жіберсек қатып кететіндей.

 «Эльче» - «Жирона»

 Аутсайдер демеңіз, арасында ауытқып тұрар күші бар.

Елдестірмек «Эльчеден», жауластырмақ «Жиронадан» демекші «Эльче» елдесуге құмар. Оларға тең нәтиже, ымыра жеткілікті. 4 ұпайы бар команданың басты мақсаты Ла-лигадағы орынды сақтап қалу. Қазіргі жағдайда барлығы қиын болып тұр. Сондықтан, әрбір салынған гол, алынған ұпай – барлығы алтынға пара-пар. «Жиронаның» ойы басқа. Өткен жылы сегундеға барып келгені жетер. Биыл үздік ондыққа кіріп алғысы келеді. «Жирона» деген кезде ең алдымен кім еске түседі? Әрине, Кристиан Стуани. Уругвайлық шабуылшы 4 гол салып команданы алға жетелеп келеді. «Жирона» чемпионатта өткізген 13 ойынның тек екеуінде ғана «екеуі де гол салады» деген бәс ойнамапты. Сондай, ашық-жарқын, шабуылға толы ойын өткізеді. Таңертеңнен қара кешке дейін шабуылдайды да тұрады. «Эльчеге» бір қарымта шабуыл да жетіп жатыр. «Жирона» 1,5 көп деген мен «екеуі де гол салады» деген екі бәстің бірін таңдайық. Қайсысын аламыз?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров