Жарнама
Жарнама

Болжам. "Қайсар" сенсация жасайды дегенге сенесіз бе?

Арасында ҚПЛға да болжам жазып тұрайын деп шештік. 

Жарнама
Жарнама

“Атырау” – “Жеңіс”

“Атырау” өз алаңында жеңіске жетеді. “Жеңісті” жеңу “Атырау” үшін әшейін сән ғой. 1,86 коэфицент беретіндей емес еді. Өз алаңында “Атырау” қазір “Астананы” жеңіп жіберейін деп тұр ғой. Жалпы, Виталий Жуковский шәкірттері қазір бабында әрі ашулы. Олар сырт алаңда ұпай жоғалтты. Енді “Мұнайшы” деген қирап қалған стадионында “Жеңісті” қиратып жібермек. Өткен жолы “Қайсармен” келісіп ойнаған “Жеңіске” нан жоқ бұл матчта. Себебі, елордалықтарда (егер осылай айтуға боласа) е ойын жоқ, е мотивация жоқ – қысқасы биылға түк жоқ. 

“Қайрат” – “Қайсар”

“Қайсар” өз алаңында “Астанаға” беріле салды ма? “Иә емес жоқ” деп айтқың келеді ғой. “Жоқ емес” деп айтсақ ше? Басты қатырмайын. Ешкім-ешкімді ұстап алған жоқ. “Астанаға” жеңілген соң “Қайсар” ойыншылары 2 айлық премияны жинап, қосып алыпты деген әңгіме бар. Бүгін команда ішінде көңіл-күй керемет. Алматының “Орталық” стадионында ойқастайын деп тұр. Қызылордалық команда кем дегенде бір гол салатын сыңайлы. Сондықтан, матч тоталы 2,5 көп деп алғымыз келеді. 2,13 коэфицент оңай ма Сізге? Жоау Паулудың өзі сала салуы мүмкін ғой. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров