"Астана" ойынына болжам бермейміз, одан басқа да матчтар жетеді екен.
“Бетис” әр қарсыласпен бітіспес қарсылас секілді ойнайды. Испан командасы қазір топырлатып гол салып, қырып жүргені шамалы. Бәріне кінәлі Борха. Бұл ойыншыны білетін шығарсыздар – Борха Иглесиас ше? Ол “Байерден” өайтып, “Бетиске” емес “Сельтаға” ауысып алған жоқ па?! Содан ғой, “Сельта” ойнаған матчында гол салып жүр. Борха болса 3 гол салып, елді мәз-майрам қылып жүр. Десе де, испан командасы бір гол салатындай қауқарда. Ал “Легия” о бастан күшті емес пе?! Өз алаңында гол салғаны салған. Бұларда да испандар бар дегендей. Сонымен, тоқ етері матчтың жалпы тоталы 2,5 көп қой. Талқыланбайды!
“Нью Сейнтс” дейді? Олар кімдер? Танымайды екем. Уэльстікі ғой деймін шамасы. Қысқасы, “Фиоренің” жеңісіне кеңселер 1,06 кэф беріп тұр ғой. Масқара. Бір-біріне тең емес қарсыластар. Италияның аты аңызға айналған клубы кім көрінген біреумен ойнауға мәжбүр. Шайнамай жұтса керек та, флоренциялықтар. Менің ойымша бірінші таймда “Фиоре” кем дегенде 2 гол салады. Сонда Фиорентинаның 1-таймдағы жеке тоталы 1,5 көп дегенді алуға болады деген сөз ғой.
“Челси” бұл ойынды жеңбеуі де мүмкін, алайда 3 гол салғаны салған. Күлкілі естіле ме? Гент те қауқары бар ұжым ғой. Әйтүп-бүйтіп уақыт созып, әрекеттенер. Бірақ, Палмер секілді сайыпқырандары бар команда мұндай майда шабақтарды жұта салады. Тамағыма қылқаны тұрып қалады деп те қорықпас. Бірақ, Палмер Конференция лигасының ойыншылары тізіміне енбеген дейді. Сонда да, Палмерсіз де екінші құрамының өзі сұрапыл емес пе? Менің ойымша 3 гол салады “ақсүйектер”. “Челси” жеке тоталы 2,5 көп.
Сөз соңында, бонус ретінде “Астананың” жеңісін де айта кетейік. “Бачка Топала” деген топалаңы шыққан команданы ұтып жіберетін шамасы бар. Елордалық команда Алматыда аянбай ойнайды деген үміттеміз. Джефридің голына сенеміз.
Біздің серіктес: FONBET