Жарнама
Жарнама

Болжам. «Лейпциг» - «Герта» және өзге матчтар

Кеше «Боруссия» Дортмунд жанкүйерлердің үмітін ақтамады.
Жарнама
Жарнама

"Лейпциг" өткен жолы 5 гол салып, қарсыласын тас-талқан етті. Тимо Вернердің тепкені гол. Бүгін олар "Гертадан" басым түсіп, 3 ұпай еншілесе "Боруссияны" қуып жетеді. Екінші орынға таласуға тамаша мүмкіндік пайда болды деген сөз. Сондықтан да Нагельсманның командасы жеңеді және тоталы 2-ден көп. Болжам шамамен осы.

"Аугсбург" - "Падерборн" арасындағы ойын аса қатты қызық болады деп ойламаймын. "Аугсбургтың" жағдайы жақсы, ал "Падерборнға" ештеңе көмектеспейтін секілді. Бұл команда келесі маусымды 2-ші лигада бастайтын секілді. Небәрі 18 ғана ұпайы бар. Бұл ойынға 1х деген бәсті таңдадым. Өз алаңында ұтылмайтын шығар. "Аугсубрг" өткен турда "Кельнді" 2:0 жеңіп тұрып, соңғы минуттарда 2 доп жіберіп алды.

"Хоффенхайм" - "Кельн" ойыны шабуылға толы болады. Екі команда сапында өте тәжірибмелі шабуылшылар бар. Демек, екі команда да гол салуы тиіс. Оның үстіне екі команда турнирлік кестеде көрші тұр. Мұндай матчты 6 ұпайдың таласы деп жатады.

"Унион" Берлин - "Майнц". Мен өткен жылдан бері "Майнц" гол салады деген тәуір коэфицентті құр жібермей келе жатырмын. Әр тур сайын қоятын тұрақты бәстің бірі. Сондықтан да, бұл жолы да алған бетімнен таймаймын. "Майнц" гол салады.

"Фортуна" - "Шальке". "Шальке" екі ойын бойы ірі есеппен ұтылды. Тағы да солай істесе таңқалмаймын. Футбол тілінде мұны "слив" дейді. Футболшылар іштен бөлініп алып, бас бапкерді осылай орнынан кетіреді. Команда ішінде конфликт бар секілді. Мақұл, тереңірек үңілмей-ақ қоялық. Менің ойымша "Фортуна" гол салады дегеннің өзі де экспресске жететін секілді.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров