Англия кубогының жартылай финалы
"Манчестер Юнайтед" - "Манчестер Сити"
"Олд Траффордта" ойнаған соңғы 5 матчында "МанСити" жеңіліп көрмеген. Ал Англия кубогының соңғы 7 жылдағы 5 финалына шыққан "Сити" анық фаворит. Бірақ, Эдерсон мен Кайл Уокер ковид жұқтырып, карантинге жабылды. Демек, қорғаныста мәселе бар деген сөз. "Юнайтед" соңғы кезде жақсы ойнап жүр. 12 ойын бойы жеңіліп көрмеген "қызыл сойқандар" сәл тырысса "Ситидің" екі аяғын бір етікке тығып жіберуі ықтимал. Сондықтан да, бұл ойында 1х бәсін алғым келіп отыр. МЮ өз алаңында жеңілмейтін шығар. Не көрініпті соншама?
Италия. Серия "А"
"Милан" - "Ювентус"
Италиядағы қырқыс. Екі алып кездескелі тұр. Екі клубтың жағдайы шамамен біркелкі. Бұл матчта үш түрлі оқиға орын алуы ықтимал. Бірақ, мамандардың көбісі матч тең аяқталады деп болжам айтыпты. Менің ойымша бұл командалар әдемі ойын көрсетуге тырысады. Екі тараптан да голдар салынады. Демек, матч тоталы 2,5 көп.
Испания. Ла-лига
"Атлетик" Бильбао - "Барселона"
Матч фавориті "Барса" екені даусыз. Оған қарсы шығу қиын. Месси бастаған жігіттер қолдан келгенді істейтіні анық. Бірақ, Гризман, Коутиньо мен Дембеленің нәтижелері өте нашар. Олар жабылып жүріп 9 гол салса, Луис Суарес жеке өзі "Атлетико" Мадридте жүріп 9 гол салып қойыпты. "Барса" сонымен қатар биыл голды көп жіберіп қойып жүр. Сондықтан да, фавоитке берілген аз кофицентке ұмтылғанша, аутсайдерге берілген үлкен кефке жармасайын. "Атлетико" Бильбао гол соғады.
Сонымен қатар "Сампдория" - "Интер" ойынының да тоталы 2,5 көп болады дегенге сеніп отырмын. Екеуі де гол салғыш командалар ғой. "Интердің" бәр өзі 3 гола салуы да мүмкін. Ал Сіздерде қандай болжам бар, жаза отырыңыздар!
Біздің серіктес: FONBET