23 жастағы жартылай қорғаушы “Ұлытауға” қарсы біріншілік кездесуінен қалыс қалмақ.
Арсен “Тобылмен” болған Премьер-лиганың 19-тур ойынында осы маусымда алған сары қағаздар санын 4-ке жеткізіп, келесі кездесуден шет қалды.
Осыған дейін Боранчиев “Атырау”, “Ақтөбе” және “Тобылға” қарсы кездесулерде төреші тарапынан сары қағазбен жазаланған болатын.
Осы маусымда жартылай қорғаушы “Қызылжар” сапында ішкі чемпионатта 15 матч өткізді.
Айта кетейік, Арсенмен бірге “Ұлытауға” қарсы ойында Петропавл ұжымы сапынан тәжірибелі шабуылшы Сенин Себаида қатыспайды. 31 жастағы аяқдопшы бүгінгі матчта алаңнан қуылған еді.
Біздің серіктес: FONBET