Жарнама
Жарнама

Борис Китка: “Екі ойында да шешуші сәттер “Қайраттың” пайдасына шешілді. Олардың жолы болды”

13.08.2025, 14:00

"Слован" командасының бас бапкерінің көмекшісі Борис Китка Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Слован" – "Қайрат" арасында өткен қарымта матч (1:0, пенальти – 3:4) туралы пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

"Әрине, бұл — үлкен өкініш. Ойыннан кейін сөз табу қиын… Бәрі біздің қолымызда еді. Матч өте нашар, үзік-үзік өрбіді, тағы да көп сары қағаз алдық. Барлығы шешуші сәттерге тірелді. Роб Мактың жүз пайыздық мүмкіндігін голға айналдыра алмағанына қынжыламын. "Қайраттың” жолы болды, өйткені екі кездесуде де шешуші сәттер олардың жағында болды. Пенальти — лоторея. Алғашқы үш соққыда психологиялық басымдық бізде болғанымен, оны пайдалана алмадық. Төртінші соққы шешуші болды, сол кезде бәрі өзгерді. Қосымша уақытта сабыр сақтай алмадық, ойын үнемі үзіліп отырды, қысым жасай алмадық, соңғы кезеңде салқынқанды болмадық. Бұл бізді әлі ұзақ мазалайды, бірақ мүмкіндігінше тез ұмытуға тырысамыз.” – деді Китка.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров