Жарнама
Жарнама

Борис Китка: Словакияда жеңіске жететінімізге сенімдімін

07.08.2025, 06:29

Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Словакия чемпионы «Слованды» 1:0 есебімен жеңіп кетті. Матчтан кейін қонақтардың бас бапкерінің көмекшісі Борис Китка ойынды қорытындылады.

Жарнама
Жарнама

«Алаң иелері өздері қалаған нәтижеге қол жеткізді. Қарымта матчқа дейін басымдық алды. Өкінішке қарай, қызыл қағаздан кейін қажетсіз қателіктер жібердік. Бұған дейін жақсы қорғанып тұрғанбыз. Бәрі бақылауда сияқты көрінген», – деді ол пенальти алдындағы сәтті сипаттап.

Оның айтуынша, Ибрахимнен бөлек алаң иелерінің бір ойыншысы да ойыннан қуылуы мүмкін еді:

«Қажетсіз қызыл қағаз өкінішті. Ондай жағдайды фолсыз аяқтауымыз керек еді. Эмоцияның болуы заңды дүние. Матч соңында сары қағазы бар алаң иелерінің қорғаушысы Сандро Крусқа қарсы тәртіп бұзды, бірақ мен төрешінің шешімдерін талқылағым келмейді. Біз соңына дейін қақпамызды қорғап қаламыз деп сендік. Алаң иелерінің нақты мүмкіндіктері болмады. Тек алыстан соққылар мен қарбалас сәттер болды, біз оларды жақсы тойтара алдық. Пенальти аса қауіпті жағдайдан емес, күтпеген жерден келді. Енді қарымта матчқа бір голдық айырмашылықпен барамыз. Команданың Словакияда жеңіске жететінімізге сенімдімін. Бүгін барлығымыз бірге жеңілдік, сол сияқты сейсенбі күні бірге жеңеміз деп сенемін», – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: