“Борнмут” “Манчестер Юнайтед” қақпасына жауапсыз үш гол соқты

10.12.2023, 04:05

АПЛ 16-туры аясында “Олд-Траффордта” қонақта болған “Борнмут” алаң қожайындарына қарсы кездесуде еш қиындықсыз үш ұпайға қол жеткізді.

Алғашқы таймда бір ғана Соланкенің голымен шектелген “Борнмут” ойынның екінші бөлігінде Биллинг пен Сенеси ықпалымен матчтың нәтижесін 0:3 қылды. Айта кетерлігі, 68’ және 73’ минуттарда соғылған голдарға Маркус Таверниенің берген голдық пастары себеп. Бір қызығы, алаң иелері бұл ойында бағыттаған 20 соққының тек 3 ғана қарсылас қақпасына дәл бағыттай алды. 

Осы матчтан кейін “МЮ” 26 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде 6 орында қала берді. Ал “Борнмут” болса, келер кездесулерінде 13 орыннан 10 орынға көтеріліп алуды жөн көретіні анық.