Германия біріншілінің маңдай алды клубтары да жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Былтырғы чемпион дортмундтық «Борруссия» осы жолы да топ жаруды көздеп отыр. “Боруссияның” бас бапкері Юрген Клопп команда сапы биыл талантты аяқдопшылармен толығатынын мәлімдеді. Олардың арасында Германия жастар құрамасында ойнаған Нико Перрай да бар. Ал 2002 жылғы чемпиондар лигасының финалында өнер көрсеткен ливеркузендік «Байер» өткен маусымда боруссиялықтарды өкшелеп, екінші орын алған болатын. «Бай Аренада» жаттығуладын пысықтап жатқан Робин Дутт тәлімгерлері сәтін салса осы маусымда көптен күткен чемпиондық тәжді сыйлаймыз дейді.
Біздің серіктес: FONBET