Дортмундтық "Боруссия" клубының қорғаушысы Ян Коуту өз отандастарының Германияда футболдық мансабын жалғастырғысы келмеуінің себебі туралы ойымен бөлісті.
"Мен Испанияда төрт жыл ойнадым. Тілі мен адамдарына үйреніп қалдым. Германияға көшу өзгеше болады деп күтпедім. Жеке өмір тұрғысынан да, "Боруссиямен" және айналамдағы адамдармен қарым-қатынас жағынан да бәрі мүлде басқа. Кейбір адамдар тіпті алыстап кетті. Міне, сондықтан көптеген Бразилиялықтар Германияға барғысы келмейді. Бұл оңай емес, бірақ мен бұған төзуге мәжбүрмін." — деді Коуту BorussiaDortmund.net.br сайтына берген сұхбатында.
23 жастағы Ян Коуту 2024 жылдан бері "Боруссия Дортмунд” клубында ойнап келеді. Бұған дейін ол Бразилияның "Коритиба", Португалияның "Брага” және Испанияның "Жирона" клубтарында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET