Жарнама
Жарнама

«Боруссия Д» неміс кубогын еншіледі

13.05.2012, 18:54
Жарнама
Жарнама
   Биылғы маусымдағы бір-біріне басты қарсылас «Боруссия Д» мен «Бавария» Германия кубогының финалына шыққан болатын. Естеріңізде болса «Боруссия Д» бундеслигада да мюнхендік командадан басым түскен еді. «Бавария» сонда жеңісті қолдан берген. Енді бүгін тағы да. Әлі бұл команданың алдында үлкен матч тұр. Ол – чемпиондар лигасының финалындағы ойын         Биылғы маусымда дортмундтық команданың мысы басым болды десек те болады. Қос бірдей шешуші кезде де «Баварияны» қапыда қалдырды. Өткен маусымда да дортмундтық команда чемпион болған болатын. Өз тарихында сегізінші рет бұл атаққа қол жеткізіп отыр. Ал енді Германия кубогына келейік. Бұл кубок жолындағы жарыста неміс кубогын «Бавария» 15 рет жеңіп алған екен. Бұл өте жоғары көрсеткіш екені айдан анық. Бұл командадан кейін «Вердер» командасы келеді. Олар неміс кубогын 6 рет еншілеген екен. Ал бұл сында  дортмундтық «Боруссия» 1989 жылдан бері Германия кубогын ұта алмаған екен. Тек биыл ғана сәті түсті. Сонымен бұл маусымдағы неміс кубогының  жарыс жолына 64 команда шыққан болатын. Содан оза шауып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан осы екі команда еді. Расында да керемет матч болды. Финалдағы ойынның 3 минутында-ақ дортмундтық команда есеп ашты. Қақпашыдан басталған шабуыл тамаша ұйымдастырылып «Бавария» қақпасында тулады. Алайда ойынның  минутында «Боруссия Д» қақпашысы Вайденфеллер ойын ережесін бұзды. Бұл жолы Роббен пенальтиді сәтті орындады. Есеп 1:1. Бірақ мюнхендік футболшылар да қарап қалмады.Өз айып алаңында ойын ережесін бұзды. Кезек 11 метрлік айып соққысында. Хуммельс мүлт кетпеді. Бұдан кейінгі минуттарда Левандовский хет-трик атанды. Оған жауап ретінде «Бавария» бір ғана доппен жауап қайтарды. «Реалмен» болған матчта ерекше көзге түскен М.Нойер бұл матчта үлкен қателіктер жіберді. Ойындағы үлкен есеп айырмасына бұл қателік те өз кесірін тигізгендей.

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

     
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
«МЮ» жаңа формада
Келесі жаңалық
Шолу. Премьер-лига. Х тур