Кеше, 13 мамырда Германия кубогінің финалдық матчында Дортмундтық "Боруссия" "РБ Лейпцигпен" кездесті. Кездесу бейтарап "Олимпиаштадион" стадионында өтіп, (Берлин, Германия) 4:1 есебімен дортмундтық клубтың пайдасына аяқталды.
"Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо бірінші таймның басты қаһарманына айналды. Англиялық футболшы 5-ші минутта есеп ашып үлгерді. 28-минутта шабуылшы Эрлинг Холанд командасының екінші голын соқты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Санчо есепті ұлғайтты. Opta статистикалық порталының мәліметінше, Джейдон Германия Кубогінің финалында дубль жасаған ең жас ойыншы атанды (21 жас 49 күн).
Санчоның бұл рекорды ұзаққа созылмады. Матч соңында Холанд та дубль жасап, ағылшын футболшысының жетістігінен асып түсті (20 жас).
Айта кетейік, "Боруссия" өз тарихында бесінші рет Германия Кубогін жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET