Бундеслиганың 11-турында өз алаңында “Штутгарттан” 1:5 есебімен ойсырай ұтылған “Боруссия” бас бапкер Люсьен Фаврды орнынан алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bild. Бұл ақпаратты журналист Ронан Мерфи де растап отыр.
Клубты уақытша Фаврдың көмекшісі Эдин Терзич баптайтын болады. Дортмундтық клуб 11 турдан кейін 19 ұпай еншілеп, бесінші орында келе жатыр және көшбасы “Бавариядан” бес ұпайға артта қалып кетті.
Фавр 2018 жылдың жазында “аралардың” бас бапкері болып тағайындалған еді. Осы уақыт аралығында 110 ойын өткізіп, 68 мәрте жеңіске жетсе, 27 рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Ал 17 ойын тең есеппен аяқталған. Сонымен қатар 2019 жылы “Боруссиямен” Германия Суперкубогын жеңіп алған.
Біздің серіктес: FONBET