Жарнама
Жарнама

«Боруссия Дортмунд» «РБ Зальцбургтің» шабуылшысын қатарға қосты

09.05.2022, 19:17
Футболшы Эрлинг Холандтың орнын басады.
Жарнама
Жарнама

«РБ Зальцбург» шабуылшысы Карим Адейеми осы жазда дортмундтық «Боруссияға» ауысады.

Фабрицио Романоның айтуынша, дортмундтық клуб 20 жастағы неміс футболшысымен келісім-шарт жасасу туралы ауызша келісімге келген. «Зальцбург» Адейеми үшін 38 миллион еуро алады. Карим «Манчестер Ситиге» ауысқалы жатқан Эрлинг Холандтың орнын басады.

Адейеми осы маусымда 42 ойынға қатысып, 23 гол соқты, 8 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 35 миллион еуроға бағалады.

Адейеми - өткен жылдың қыркүйек айында Германия құрамасында дебют жасады. Содан бері үш матчқа қатысып, бір гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров