Жарнама
Жарнама

«Боруссия Дортмундты» жаттықтыруы мүмкін бапкердің есімі белгілі болды

14.12.2020, 17:16
«Аралар» жаңа бас бапкерді маусым біткеннен соң шақырмақшы.
Жарнама
Жарнама

Италияның беделді журналисті Джанлука Ди Марцио өзінің ресми сайтында кеше, 13 желтоқсанда "Боруссия Дортмунд" клубынан қуылған 63 жастағы швейцариялық маман Люсьен Фаврдың орнын кім басуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты жариялады.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб басшылығы "Боруссия Мёнхенгладбахтың" қазіргі бас бапкері, 44 жастағы неміс маманы Марко Роземен келісімге келген. Ол Дортмундтық клубты 2021 жылдың жазынан бастап жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, Фаврдің көмекшісі Эдин Терзич «Боруссия» клубына бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бір күн бұрын "Боруссия" Фаврдің басшылығымен Бундеслиганың 11-тур матчында "Штутгарттан" 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Маман бұл жеңілісті апат деп атады. Осылайша, "Боруссия" Германия чемпионатындағы жеңіссіз сериясын үш матчқа дейін ұзартты (екі жеңіліс, бір тең ойын).

Дортмундтық клуб Бундеслиганың турнир кестесінде 19 ұпаймен бесінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған "Бавариядан" бес ұпайға қалып келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров