“Далвик/Рейнир” ирландиялық клубы қорғаушы Матеус Биссимен келісімге келгенін қуана хабарлады.
Ленгюдейлд лигасында өнер көрсететін команданың ауыз толтырып айтар жетістігі жоқ. Исландиялық команданың сапында Матеус келмегенше, небәрі 5 легионер ойнап келді.
Айта кетейік, 4 мамыр күні Исландия чемпионаты өз бастауын алады. Соған орай, “Далвик” - “ИБВ” клубымен бақ сынасады. Аталған ойында Бисси дебют жасауы мүмкін.
Жалпы қорғаушы “Атырау” сапына 2022 жылдың қаңтар айынан бері өнер көрсетіп келді. Жалпы алғанда “мұнайшылар” үшін Матеус барлығы 50 ойын өткізді.